АҚШ туристерден әлеуметтік желідегі деректерін талап етуі мүмкін

АСТАНА.KAZINFORM - Трамп әкімшілігі барлық шетелдік туристен елге кіру үшін соңғы бес жылдағы әлеуметтік желілердегі белсенділігі туралы деректерін талап етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды NBC News.

Иностранных туристов в США могут обязать предоставлять данные из соцсетей
Фото: americanimmigrationcouncil.org

АҚШ кеден және шекараны қорғау қызметінің хабарламасына сәйкес, бұл деректер елге кіретін барлық адам, тіпті АҚШ-қа кіру үшін виза қажет емес Ұлыбритания мен Германия азаматтары үшін де «міндетті» болады.

Хабарламада айтылғандай, әлеуметтік желілер тарихынан басқа, АҚШ кеден және шекараны қорғау қызметі соңғы бес жылда пайдаланылған электронды пошта мекенжай мен телефон нөмірлерін, сондай-ақ отбасы мүшелерінің мекенжайлары мен аттарын жинауға арналған жаңа деректер қорын ашады.

Маусым айында Мемлекеттік департамент АҚШ-қа келетін шетелдік туристер әлеуметтік желілердегі профильдерін жария етуі керек екенін жариялады. Адам құқықтары ұйымы Электрондық шекара қоры бұл қадамды бұрын-соңды болмаған деп атап, АҚШ шектеулері «халықаралық студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылауға және басуға» бағытталған деп мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ шетелдік азаматтар үшін жұмыс істеуге рұқсат беру мерзімін қысқартқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар