АҚШ-тың әскери-оқу орындарында курстар мен семинарларда қазақстандық әскери қызметкерлерді дайындау жоспарының жобасы талқыланды

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы күштерінің Шетелдерде кадрлар дайындау бас басқармасы келесі оқу жылындағы өз жұмыс жоспарларын талқылауды жалғастыруда.
None
None
Осының алдында ғана Қытай Халық-Азаттық армиясының әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметкерлерді дайындаудың жоспарын келіскен басқарма жаңа кездесу өткізді. Қазақстан Қарулы күштерінің Шетелдерде кадрлар дайындау бас басқармасының бастығы, полковник Игорь Мұхамедов АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери ынтымақтастық кеңсесінің бастығы, полковник Джеймс Ентцпен бірге АҚШ-тың әскери-оқу орындарында курстар мен семинарларда қазақстандық әскери қызметкерлерді дайындау жоспарының жобасын талқылады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Қазақстан мен Америка Қарулы күштерінің әскери ынтымақтастығы республика тәуелсіздік алған жылдардан басталған. Ынтымақтастықтың түрлі бағыттарының арасында әскери білім саласындағы байланыс айрықша орында. 1993 жылдан бері АҚШ армиясының әскери оқу орындарына 350-ге жуық қазақстандық әскери қызметкер оқуға жіберілген. АҚШ әскери оқу орындарында курстар мен семинарларда оқу қазақстандық әскерилер үшін өз кәсіптік дағдыларын жетілдірудің ғана емес, сонымен бірге шет тілін үйренудің тамаша мүмкіндігі болып табылады: онда сабақтар тек ағылшын тілінде өтеді. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты американ тарапы алдағы оқу жылындағы тыңдаушылардың санын қысқартып отыр. 2008 жылы АҚШ армиясының оқу орындарына 30-ға жуық қазақстандық әскери жіберілсе, келесі жылы 20-25 адамды оқыту көзделіп отыр. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери ынтымақтастық кеңсесінің бастығы, полковник Джеймс Ентцтің айтуынша, дағдарыс еңсерілгеннен кейін америка армиясы қазақстандық тыдаушылардың санын қайта көбейтеді.
Соңғы жаңалықтар