АҚШ-тың Бас консулы Арал теңізінің толып келе жатқанына қуанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Бас консулы Марк Муди Қазақстанның Арал өңіріне жасаған сапарында Арал теңізінің солтүстік жағын қалпына келтіру мақсатында жеткен елеулі жетістіктерді атап өтті. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

«Америка Құрама Штаттары Солтүстік Аралды қалпына келтіру мақсатында өткізілген жұмыстарға қолдау көрсеткенін мақтан тұтады. Мен Арал ауданы халқының еңбекқорлығы мен құлшынып жұмыс істегеніне қатты сүйсінемін. Осы кісілердің қажырлы еңбегінің арқасында біздің бірлесіп істеген жұмысымыз жағымды нәтижелерін беріп отыр», - деді АҚШ Бас консулы Марк Муди Көкарал бөгетіне жұмыс сапары барысында.

Жергілікті балық өнеркәсібінің өкілдері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуелсіз сарапшылар және Арал ауданының билік органдары Солтүстік Арал теңізінің көлемі 2005 жылы Көкарал бөгетін салғаннан кейін біршама ұлғайғандығын атап өтті. Дүниежүзілік банктің Халықаралық Даму және Қайта Құру банкінің ең ірі инвесторларының бірі АҚШ, ол Көкарал бөгет жобасын салуға $64,5 млн қаржы жұмсады.

Көршілес Қаратерең ауылының әкімі Бас консул Муди мырзамен Көкарал бөгетіне барып, су деңгейінің қалпына келуі жергілікті қоршаған орта және халықтың денсаулығына оң әсер еткенін, ана мен бала өлімінің азайғаны және жаңа жұмыс орындарының пайда болғаны жайлы айтып берді.

«Арал теңізі қалаға 15 шақырым жерге дейін жақындағанына риза болдым. Оған қоса, балық өндірісінің ұлғайғаны мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызып, жергілікті халық санының 78 000 жетуіне себептес болғаны үміттендіреді», - деді Бас консул Муди өңірдегі сегіз балық өңдеу зауытының екеуін аралаған кезінде. Балық аулау өнеркәсібі басшылары Арал теңізіндегі балық түрлерінің саны 2 түрден 22-ге дейін өскенін айтты. Олардың өнімдері Еуропалық стандарттарға сәйкес келгесін, балықтарын Еуропалық Одаққа және басқа да мемлекеттерге экспорттап жатқаны туралы да бөлісті.

Екі америкалық ағылшын тілі мұғалімдері Бас консул Мудимен бірге барып, Арал ауданының ұстаздары мен оқушыларына практикалық семинарлар өткізді. Ағылшын тілін оқыту бағдарламасы тілді шыңдау мақсатында АҚШ-тың қолдау көрсетуі Қызылорда облысында және бүкіл Қазақстан бойынша білім беру саласындағы 25-жылдық ынтымақтастығымыздың бір мысалы болып табылады.

АҚШ Бас консулы Марк Муди Арал ауданының әкімдігіне және тұрғындарына қонақжайлылығы мен сапар барысындағы логистикалық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар