АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы Қырғызстандағы жағдайға алаңдаулы
Олардың мәлімдемесінде: «Біз Қырғызстан халқын сабырлылыққа шақырамыз және соңғы бірнеше тәулік бойы орын алған тәртіпсіздіктерде жақындарын жоғалтқан отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Біз жағдайдың барысын қадағалаудамыз, себебі жағдай әлі тұрақсыз, бұл соңғы бес жылдағы, Қырғыз Республикасы Үкіметінің наразы шерушілердің екпініне шыдас бере алмауының екінші оқиғасы. Бұл оқиғаға қатысты барлық тараптар дағдарысты бейбіт жолмен, зорлық-зомбылықты тоқтатып және әділ заңды негізге ала отырып шешуі керек. Тонаушылық әрекеттер дереу тоқтатылуы керек. Дағдарысты реттеу және елге қажетті диалогты қамтамасыз ету жөніндегі ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін және ЕҚЫҰ Қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевтың Бішкекке арнайы елші жіберу жөніндегі жедел іс-қимылын қолдаймыз», делінген.