АҚШ Украинаға 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігін ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Украинаға 15 жылға қауіпсіздік кепілдігін беруі мүмкін. Бірақ Киев ұзақ мерзімді кепілдік сұрап отыр, деп хабарлайды DW.

АҚШ Украинаға 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігін ұсынды
Фото: dw.com

Украина президенті Владимир Зеленский бұл туралы Axios-қа мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамппен келесі кездесуі жарияланар кезге екі күн қалғанда Украина президенті Владимир Зеленский өз еліне 15 жылға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы ұсыныс жасады. Бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін.

– Менің ойымша, бізге 15 жылдан артық уақыт қажет, - деді Зеленский.

Украина басшысы Трамп алдағы кездесуінде бұған келіссе, мұны «үлкен жетістік» деп санайтынын қоса айтты.

– Екі ел де қауіпсіздік кепілдігін ратификациялау үшін заң шығарушы органдарына ұсынады, - деді Зеленский. 

Ол АҚШ-Украина екіжақты келісімдерінің көптеген аспектісі қазірдің өзінде келісілгенін және 5 құжатта көрсетілгенін, оған алтыншысы қосылуы мүмкін екенін қоса жеткізді. 

Зеленский сондай-ақ Еуропа елдерінің Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуы туралы құжат жасау бастамасын еске салды. Франция мен Ұлыбританияға бұл тұста жетекші рөл жүктелді. 

Басылым сонымен қатар Украина президентінің 28 желтоқсанда АҚШ президентімен келіссөз барысында қақтығысты шешу шарттары бойынша келісуге үміттенетінін атап өтті. Зеленский сонымен қатар Ресей кем дегенде 60 күн бойы атысты тоқтатуға келіссе, «бейбітшілік жоспарының» ережелерін бүкілхалықтық дауыс беруге ұсынуға дайын.

Украина президентінің айтуынша, бұл референдум өткізу үшін қажетті мөлшер, оны ұйымдастыру «саяси, логистикалық және қауіпсіздікке байланысты қиындықтарды» тудырады.

Ол қауіпсіздік кепілдігі тек парламент толық ратификациялағаннан немесе референдум арқылы бекітілгеннен кейін ғана күшіне енетінін сөз етті.

Айта кетейік, Зеленский мен Трамп 28 желтоқсанда кездеседі.

Соңғы жаңалықтар