Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 — 526 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар, теңге
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұлттық банктің 21 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,65 теңге. Еуро — 601,01

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 599 сату құны — 603.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 605 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,52— 6,72 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 521,57 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар