Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 – 512 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,7 теңге. Еуро 558 — 565 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 564 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,86 - 6,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге төмендеп, 504,34 теңге болған.
Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.