Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 519 теңгеден саудаланып жатыр.

 Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: Kazinform/ Pixabay

Ұлттық банктің 4 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,25 теңге. Еуро — 584,86.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519,5 теңге, сатып алу құны — 513, 5 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06 - 6,19 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 2 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,68 теңгеге қымбаттап, 516,16 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар