Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 – 524 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,43 теңге. Еуро — 601,01.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 595 — 601 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 600 теңгеден сатып алынып, 605 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 - 6,40 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 21 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,6 теңгеге төмендеп, 521,53 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.