Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 – 518 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,31 теңге. Еуро — 582,07.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 583 - 587 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 511 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,11 - 6,25 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 30 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,15 теңгеге қымбаттап, 512,34 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.