Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақсу металлургтері Қазақстан олимпиадашыларын қолдау мақсатында шағын олимпиада ұйымдастырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қазхром» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының «Мечта» балалар лагерінде шағын олимпиада ойындары өтті. Демеушілердің бірі - «Еуразиялық Топ», деп хабарлады АФЗ баспасөз қызметі.

Ақсу металлургтері Қазақстан олимпиадашыларын қолдау мақсатында шағын олимпиада ұйымдастырды

Спорттық олимпке кішкентай 200 атлет қатысты, алты команда арқан тартып жарысты, шағын футбол, волейбол, бадминтон ойнады, жіппен секірді. Жеңімпаздар мінберге көтеріліп, медальдармен марапатталды.

Жарысқа кәсіподақ комитетінің қызметкерлері мен жолдастық матч ойнаған лагерь тәлімгерлері қатысты. Спорт мерекесінің аяқталуында зауыт кәсіподағының төрағасы Николай Сухотерин жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады, балаларды құттықтап, жақсы демалыс тіледі.

«Мечта» лагерінде 900-дей бала демалуда.

null