13:20, 28 Шілде 2012 | GMT +5
Ақсуда «Олимпиадашыларымызға қолдау білдірейік!» акциясы өтті
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Ақсу ферроқорытпа зауытында нұротандықтар «Олимпиадашыларымызға қолдау білдірейік!» атты қалалық акция өткізді, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Айта кетейік, аталмыш зауытта Қазақстан олимпиада құрамасының мүшесі Дәулет Шабанбайдың әкесі Еркін Қарбозұлы жұмыс істейді.
Металлургтер Олипиада күндері өздерінің жерлестері Дәулетке және барлық спортшыларға қолдау көрсетуді сұрады.
Ақсулықтар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Дәулетті мақтан тұтады. Ол қалалық спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Азияда ойындарының 3 дүркін жүлдегері, еркін күрес бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері.