Ақтау — Қазақстандағы ең таза қала

АҚТАУ. KAZINFORM – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқан ғарыштық мониторинг деректерін жариялады. Соған сәйкес, Ақтау ең таза қала деп танылды. 

Ақтау
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Спутниктердің көмегімен жерді жыл сайынғы қашықтықтан зондтау 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, қалдықтарды тек жылы кезде табуға болады. Өйткені жерде қар болса, суреттер бақылауға жарамсыз болып қалады. 

Ақтау
Фото: InAktau.kz

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 600-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталған. Ғарыштық мониторинг деректеріне сүйенсек, Ақтау – ең таза қала. Себебі шаһарда тек 11 қоқыс орны табылған. Сондай-ақ қазіргі уақытта сол қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізіліліп жатыр. 

Рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының көпшілігі Астана қаласының аумағынан анықталды. Онда 206 жерде қалдықтар үйілген. Одан кейін Ұлытау, Ақмола облыстарында қоқыс көп.