Ақтау университеті базасында алғашқы рет Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттер қауымдастықтарының бас ассамблеясы өтті

АҚТАУ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің залында 4 ел - Қазақстан, Иран, Әзірбайжан және Ресейдің делегациясы қатысқан Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттер қауымдастықтарының XVI бас ассамблеясы өтті.
None
None

Қауымдастық қызметі 4 мемлекеттің Каспий маңы ЖОО бірлескен халықаралық, білім беру және мәдени бағдарламаларды іске асыру мақсатында күш біріктірген Каспий теңізі мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл тек қана ғылыми-зерттеу орталықтарының ынтымақтасуы ғана емес, сонымен қатар студенттермен алмасу, қайта даярлау және оқытушылардың біліктілігін көтеру.

Каспий маңы елдері қауымдастықтарының бас ассамблеясы Ақтау университеті базасында алғашқы рет өтті.

«Ш. Есенов атындағы КМТИУ EURASHE жоғары білім беру Еуропалық қауымдастық институттарының мүшесі болып табылады. 2008 жылдан бастап университет университеттердің Ұлы Хартиясына қосылды. Қазақстан ЖОО рейтингі бойынша 2011 жылы Каспий мемлекеттік университеті 9 мамандық бойынша елдегі үздіктер үштігіне енді. Қазіргі уақытта Қазақстанның үздік көпбағдарлы ЖОО-ның ұлттық (бас) рейтингісі бойынша КМТИУ 15-орында», - деді қауымдастық ассамблеясының толық мәжілісін аша келе, КМТИУ ректоры Әділбек Ботабеков.

Қауымдастық Президенті, оның атқарушы директоры, Астрахань техникалық университетінің ректоры Юрий Пименов қауымдастық қызметі туралы қорытынды есеп берді. Отырыс барысында Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығы сайтының тұсаукесері өтті, кездесуге қатысушылар Каспий спорт қауымдастығы туралы ережені және XVII ассамблеяны және қауымдастықтың VI универсиадасын өткізу мәселелерін талқылады, Каспий теңізі мәселелерін шешу жөніндегі бірлескен бағдарламаны бекітті.

Соңғы жаңалықтар