16:06, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Ақтауда Халықаралық конференциясы аясында ескерткіш ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралар қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы аясында басқосудың таңбасы бейнесіндегі шағын сәулет ескерткіші ашылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Теңіз жағалауындағы сәулет ескерткішінің ашылу салтанатында Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин сөз сөйлеп, конференцияға қатысушы қонақтар мен қала тұрғындарын құттықтады. Халықаралық дәрежеде өткен айтулы шараның маңыздылығы мен тарихи ерекшелігі туралы айтып өтті.
Ескерткішті ашу құрметі Бүкіләлемдік мұралар қалалары ұйымының Бас хатшысы Дени Рикар мен Қазан қаласы мэрінің міндетін атқарушы, «Біріккен қалалар және жергілікті билік» Бүкіләлемдік ұйымы теңпрезидентінің м.а. Людмила Андрееваға ұсынылды.