Ақтауда қандалаға қарсы улаудан тағы да көршілер зардап шекті

Ақтауда қандалаға қарсы пәтерді улаудан тағы да көршілер зардап шегіп, балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

улану, уланған, бала,
Фото: Kazinform

Оқиға 3а шағынауданының 25-үйінде болған.

"Ауруханаға бір отбасының үш баласы жеткізілді. Екеуіне дәрігерлік тексеру жүргізілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Бір бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты ауыр", - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 22 қазанда Ақтау тұрғыны пәтеріне қандалаға қарсы у сепкеннен кейін көршісінің екі баласы қайтыс болған еді.

Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, кінәлі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар