Ақтауда қашқын сарбаз бір ай бұрын ғана әскерге келген

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда әскери бөлім сарбазы 1996 жылғы Сергей Сергеевич Пыхалов іздестірілуде. Ол әскери бөлімнен 12 шілде күні қашып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Оның бұл әрекетке қасақана немесе бір мезеттік қызулықпен барғандығы әзірге беймәлім. Болған жайт туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Рустам Ходжаев мәлімдеді.

«№6656 әскери бөлімшесіндегі сарбаздар кеше Ақтау қаласындағы №1 емханасынан флюорографиялық тексеруден өтуге жіберілген болатын. Тексеруден өткеннен кейін сарбаздар кері қайтты, алайда араларында Сергей жоқ болып шықты. Ол осы жылдың маусым айында, не бәрі бір ай бұрын ғана Қарағандыдан шақыртылған болатын, ал алғашқы екі айда сарбаздардың үйлерін сағынуы басымырақ болады», - деді Р.Ходжаев.

Сергейге әскери сот немесе қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді. Полиция қызметкерлері мен жеке құрам оны іздестіріп жатыр. 
Еске сала кетсек, кеше №25744 әскери бөлімінің құрамына кіретін теңіз жаяу әскерінің қашып кеткен 19 жастағы сарбазы Болатбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды және 14 шілде күні ол Маңғыстау облыстық әскери сотына беріледі.

Соңғы жаңалықтар