16:20, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ақтауда мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 11-13 аралығында Ақтауда Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан мемлекеттері басшыларының бейресми саммиті өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, саммит барысында посткеңестік кеңістіктегі, оның ішінде ТМД шеңберіндегі ықпалдастық бірлестіктер аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Түрікменстанның қатысуындағы өңірдің энергетикалық және көліктік проблемасын талқылау жоспарланып отыр.