Ақтауда жылу маусымы мерзімінен бұрын аяқталмақ

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласының әкімдігі жылыту маусымы 11 сәуірде аяқталатынын хабарлады. 

Ақтауда жылу маусымы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Фото: Kazinform

Жылу беруді мерзімінен бұрын аяқтау тұрғындардың өтініші мен қоса ауа температурасының жылы болуы әсер етті. Осылайша жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидалары бойынша, Ақтауда күнтізбелік үш күн ішінде тіркелген орташа тәуліктік ауа температурасының +8 градустан және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды. 

— Қала бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында 1760 ақау анықталса, биылғы кезеңде 1060 ақау тіркелді. Яғни өткен жылдармен салыстырғанда биыл 700 ақауға төмен, — деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Айта кетейік Ақтау қаласында жылу беруді тоқтату кезең-кезеңімен жүргізіледі. 

Еске салайық 2024 жылы қала аумағында 11,4 шақырым жылу құбыры жаңартылған еді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасады. Жылыту маусымы аяқтала салысымен қала аумағында 10 шақырымға жуық жылу желілерін ауыстыру жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғандай, жылыту маусымы басталғалы 132 қазақстандық өрт пен иістен қаза болған.

Соңғы жаңалықтар