Жылыту маусымы басталғалы 132 қазақстандық өрт пен иістен қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жылыту маусымы басталған 1 қазаннан бері тұрғын үй секторында шамамен 2200 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

мчс
Фото: ҚР ТЖМ

Ведомство деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін өрт салдарынан 109 адам қаза тауып, тағы 90 адам жарақат алған.

Бұдан бөлек, улы газдан улану оқиғалары да тіркелген. 2024 жылдың 1 қазанында басталған жылыту маусымы барысында улы газдан улану салдарынан 23 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.

ТЖМ атап өткендей, Қазақстанда әсіресе жеке тұрғын үй секторындағы өрт оқиғалары ең жиі кездесетін төтенше жағдайлардың бірі болып қала береді.

Өз кезегінде, алдын алу шараларына, қауіпсіздікті арттыруға және жылыту маусымында сақтық шаралары туралы халықты хабардар етуге баса мән беріледі.

Бұған дейін Аслан Уәкішев Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысу себебін айтты.

Сондай-ақ, құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті еместігін, басты міндет – адамдарды құтқару екенін еске салды.

 

Соңғы жаңалықтар