Ақтаудан Ереванға тікелей рейстер 16 желтоқсаннан бастап қайта жанданады
АСТАНА. KAZINFORM — FlyArystan әуекомпаниясы халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, Ақтау — Ереван — Ақтау бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта іске қосады. Рейстер 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет — сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Сәрсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 12:35–те ұшып, Ереванға 13:20–да қонады. Кері рейс Ереваннан 14:20–да ұшып, Ақтауға 17:00–де келеді. Жұма күндері рейс Ақтаудан 09:00–де ұшып, Ереванға 09:40–та қонады. Кері рейс Ереваннан 10:40–та ұшып, Ақтауға 13:15–те келеді. Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.
— Ереван — Арменияның астанасы, әрі тарихы 2 800 жылдан асатын әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Қаланың басты нышандарының бірі — Ереван мен Арарат тауының панорамалық көрінісі ашылатын Каскад кешені. Ал Республика алаңы елорда тұрғындары мен қонақтары жиі баратын негізгі орындардың бірі болып саналады. Ереванның орналасуы саяхатшыларға елордадан тыс жерлерге сапарын оңай жалғастыруға мүмкіндік береді. Қаладан қысқа уақытта жетуге болатын Гарни ғибадатханасы, Гегард монастыры және Севан көлі сияқты танымал орындар қалалық демалысты елдің тарихи және табиғи көрікті жерлеріне саяхатпен үйлестіруге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Ақтау — Ереван — Ақтау рейстеріне әуебилеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейсі 28-ден 70-ке көбейгенін жазған едік.