Ақтауға Чехия Республикасының елшісі Бедржих Копецки келді

АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауға Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бедржих Копецки келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақсат- екі ел арасында тығыз және сындарлы ынтымақтастық орнату.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездескен елші өз елінің Қазақстан Республикасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Бүгінде чехиялықтар инвестициялық жобалардың негізінде облыстағы денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Мысалға, сауықтыру орталығының құрылысын бастау және облыстық аурухананы бірнеше бағыт бойынша түрлендіру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Себебі, қазіргі делегацияның құрамында облыстық аурухананы қайта құру жобасын жасақтаған «Пуро-Клима» фирмасының жетекшісі де бар.

Кездесу барысында елші Маңғыстау өңірінің экономикалық дамуына ерекше тоқталды.

"Қазақ жерінде Менделеев таблицасындағы химиялық элементтердің барлығы кездеседі. Ол металдар Маңғыстау аумағында да бар.

Сондықтан, бұл өңірдің даму мүмкіндіктері жоғары. Әрі, облыс көлік жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан", дейді Чехия Республикасының Қазақстандағы елшісі Бедржих Копецки.

Соңғы жаңалықтар