Ақтаулық тұрғындар заңсыз қоршауды бұздырып, құрылыс компаниясына шағым түсірді

АҚТАУ. KAZINFORM – 14-шағын ауданның тұрғындары үйлерінің жанынан жаңадан тұрғын үй құрылысын салып жатқан компанияға қатысты құзырлы органдарға шағымданды.

Ақтаулық тұрғындар заңсыз қоршауды бұздырып, құрылыс компаниясына шағым түсірді
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Айтуларынша, құрылыс мекемесі өзінің ауласына қоса, тұрғындар өтетін жерді де заңсыз қоршап алған. 

Ақтаулық тұрғындар заңсыз қоршауды бұздырып, құрылыс компаниясына шағым түсірді
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

- Біз жүретін жерді жауып алған. Енді үйдің артын жапқан. Өрт қауіпсіздігі қайда? Кеше осы құрылыстың бас жоспарын алып қарадық. Мына жердің барлығы оларға тиесілі емес екен, - дейді тұрғындардың бірі Фатима Елбаева.

Сондықтан тұрғындар құрылыс компаниясының өкілінен қоршауды бұзып, орнын қалпына келтіруді талап етті. 

Ақтау
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

- Мен бүгін әкімдіктен барлық мәліметті алдым. Осынша жерді қоршап алуға рұқсаттары жоқ. Біз қоршауды алып, бұрынғы жолды қайта қалпына келтіріп, жолды ашып, асфальт төсеуді талап етеміз, - дейді Марина Өтешова.

Құрылысқа жауапты компанияның өкілі жобасын көрсетіп, қоршау соған сәйкес салынғанын айтып отыр. Бірақ Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, жерді белгіленген аумақтан артығымен иемденіп, қоршағаны анық көрініп тұр. 

Ақтау
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

- Әкімдікпен келіспей, өздері мына үйдің айналасын қоршап алған. Бірақ ол жер мемлекетке жата ма, жоқ жекеменшік жері ма, өздері нақты айта алмай отыр. Енді тексеріс жүргізіліп, артық жерлер қайтарылады. Бірақ біз бүгін тұрғындардың шағымы бойынша, компанияның басшысына әзірге жағдай анықталғанша бүткіл қоршауды алып тастау туралы тапсырма бердік. Қазір алып жатыр. Енді бұл мәселе бақылауымызда болады, - дейді депутат.

Нәтижесінде қоршау бұзылып, тұрғындар үйлеріне тарасты. Алайда мәселенің мән-жайы тексеруден кейін белгілі болмақ.

Бұған дейін, Маңғыстауда Өзбекстанмен шекарадағы «Тәжен» өткізу бекетінің 3 айға жабылатыны туралы жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар