14:52, 30 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұрдәулет Сүйіндіков 2023 жылы 21 қазанда Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы болған еді.