«Ақтөбе - Алматы» бағытындағы пойызда есірткі тасымалдаушы қолға түсті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - №33 Ақтөбе-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында есірткі сақтаған және қолданған деген күдікпен жас жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Қызылорда желілік ішкі істер бөлімінің штаб жетекшісі, полиция капитаны Айнұр Нұржанова.
Күдікті жолаушы тәртіп сақшыларының назарын бірден өзіне аударған. Қимылдары күдік тудырарлық болған соң полицейлер оған тексеру жүргізіп, нәтижесінде жүктерінің арасынан 25 грамм героин табылды. Қазір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы, өткен аптада Қызылорда стансасының өзінен 6 қылмыс тіркелді.