Ақтөбе әуежайының ұшу-қону алаңын су басып, рейстер кейінге шегерілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің халықаралық әуежайы бүгін таңда жабылды. Қазір барлық рейс кейінге шегерілген. 

әуежай
Фото: видеодан алынған кадр

Ұшу-қону алаңындағы тазарту жұмыстарына байланысты әуежай сағат 06:30–дан 17:00–ге дейін жабылды. Ішкі және халықаралық рейстер кейінгі шегерілді.

Олар:

  • SCAT/DV496/ Ыстамбұл — Ақтөбе
  • SCAT/DV1722/ Ақтөбе — Астана
  • FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы — Ақтөбе
  • FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе — Алматы
  • QAZAQ AIR/IQ399/ Астана — Ақтөбе
  • QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе — Атырау
  • QAZAQ AIR/IQ396 Атырау — Ақтөбе
  • QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе — Астана
  • AIR ASTANA/KC863/ Алматы — Ақтөбе
  • AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе — Алматы
  • SCAT/DV5263/ Шарм — Эш — Шейх — Ақтөбе
  • SCAT/DV5264/ Ақтөбе — Шарм — Эш — Шейх
  • SCAT/DV721/ Астана — Ақтөбе
  • SCAT/DV722/ Ақтөбе — Астана бағыттары. 

«Рейстер сағат 21:00–ге дейін кейінгі шегерілді. Қазіргі кезде мұнда 60 адам судан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Олардың арасында төтенше жағдайлар қызметі мен әуежай жұмысшылары да бар. Ұшу-қону алаңына ешқандай зақым келген жоқ», — деді Әлия Молдағұлова халықарылық әуежайының баспасөз хатшысы Жарас Ерғазин.

Айта кетсек, су басқан әуежайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

 

Соңғы жаңалықтар