Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

АСТАНА. KAZINFORM — 51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды.

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, шеберлігін сол жерде дамытқан. 

Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.

Өз ұжымындай болып кеткен «Локоны» жаттықтырған шағында бапкерлік атағы шығып, клубпен бірге Ресей кубогын жеңіп алды. «Локомотивтен» басқа, Черевченко ресейлік «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын жаттықтырды. Сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын баптап, онымен бірге үш жыл қатарынан Тәжікстан чемпионатын және ел кубогы мен суперкубогын иеленді. Командасын Азия чемпиондар лигасына шығарды.

Премьер-лигада төртінші орында келе жатқан «Ақтөбе» бүгін сырт алаңда «Қызылжармен» ойнайды. 

Еске салайық, бұдан бұрын бірінші лигада «Жайық» сырт алаңда «Тұранмен» тең ойнағанын жазған едік.