Ақтөбе қалалық сотының ғимараты ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қалалық сот өз жұмысын бастады. Мұнда азаматтар өз-өзіне қызмет көрсете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жаңа сот ашылды. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қайрат Елібаев қатысты. Бір ерекшелігі, мұнда өз-өзіне қызмет көрсету аймағы мен ақпарат орталығы қарастырылып, медиатор, қорғаушы мен нотариус кабинеттері жұмыс істейді. Сот отырысы өтетін алты залда аудио-бейне жазба жүйесі бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев электронды сот ісі мен «смарт сот» пилоттық жобасының жұмысымен танысты.

«Сапалы сот төрелігі үшін жағдай жасау - Елбасының маңызды басымдықтарының бірі. Бұл ғимаратта қызметкерлер мен келушілерге барлық жағдай бар. Басты міндет - сот төрелігін атқару кезінде заңдылықты, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етіп, азаматтармен жұмыс кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңды барынша болдырмау», - деді облыс әкімі  Б.Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар