Ақтөбе қаласында жылу маусымының мерзімі ұзартылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қалада жылу 20 сәуірден бастап сөндіріледі. Негізі бүгіннен бастап ажыратылуы тиіс еді. 

Ақтөбе қаласында жылу маусымының мерзімі ұзартылды
Фото: БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

«Aqtobe su-energy group» АҚ-ы әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қалада жылыту маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлады. 

– «Қазгидромет» РМК ұсынған ауа райы болжамына сәйкес алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. Осыған байланысты Ақтөбе қаласында 2025-2026 жылғы жылыту маусымын 20 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда қолайлы температуралық режимді сақтау мақсатында қабылданды. Тұрғын үйлерге, қоғамдық ғимараттарға және әлеуметтік нысандарға жылу 20 сәуірге дейін берілді, - деп жазды хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қала әкімінің қаулысы бойынша жылыту маусымы 1 қазаннан басталды. Тұрғын үйлер мен ғимараттарда, мектептерде 199 тәулікке, медициналық және мектепке дейінгі ұйымдарда 210 тәулікке дейін созылуы тиіс болды.