Ақтөбе қаласындағы мектептерде ашылған эвакуациялық пункттер жабылып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы мектептерде орналасқан эвакуациялық пункттер жабылып жатыр. Мұнда зарарсыздандыру жұмысы жүріп, балалар мектепке оралады. Ал үйін су басқан тұрғындар жатақхана мен қонақүйге орналасты.

көшіру
Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Ақтөбе қаласы мен аудандарда 40 мектеп эвакуациялық пункт ретінде жабдықталып, үйіне су кірген адамдарға берілді. Мұнда барлығы 4 мыңға жуық адам қоныстанса, тең жартысына жуығы бала болды. Үш аптаға жуық уақыт өткенде үйіне оралғандар саны артып, мектептер де өз қызметіне қайта көшіп жатыр. 

– Қазір 5 колледж бен 3 мектеп эвакуациялық пункт қызметін атқарып тұр. Мектептер Ырғыз және Ойыл аудандарында. Барлығы 8 білім беру нысанында мыңнан астам адам бар. Оның 314-і мектеп жасындағы бала. Ал қаладағы мектептерде орналасқан эвакуациялық бекеттер біртінден жабылып, тұрғындар екі жоғары оқу орнының жатақханасына, бір қонақүй мен медресеге орналастырылды. Олардағы адам саны – 349, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар