Ақтөбе мен Атырау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 16:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Шектеу келесі өңірлерде қолданылады:
Ақтөбе облысы аумағында:
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ ауылы);
– «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-257 шақырым аралығы (Ембі қаласы – Шалқар қаласы);
– «РФ шекарасы (Жайсан ӨП) – Ақтөбе (солтүстік айналма жолы) – Қызылорда» автожолының 0-39 шақырым аралығы (Мәртөк жолайрығы – Хромтау жолайрығы).
Атырау облысы аумағында:
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337–346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Жол қозғалысын 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жол ашылды.