Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе мен Қарағандыда металлургия саласының жаңа жобалары іске асады

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрлыбек Нәлібаев Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлыбек Нәлібаев
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында инновациялық технологияларды енгізуді көздейтін металлургия саласындағы жаңа жобалар қаралды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында заманауи технологиялық шешімдерді қолдану арқылы таза катодты мыс өндіруге бағытталған жоба, сондай-ақ Қарағанды облысында вольфрам кенін өңдеу және шикізатты гидрометаллургиялық өңдеудің инновациялық технологияларын қолдану арқылы аммоний паравольфраматын өндіру жобасы талқыланды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл жобаларды іске асыру елдің экспорттық себетін әртараптандыру, шикізатты ел ішінде терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнім өндіру сияқты жоғары мультипликативтік әсерге ие екенін атап өтті.

Айта кетелік ішкі өндіріс экономикаға қалай серпін беріп жатқаны туралы жазған едік