Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында 83 гектар жер өртеніп кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Кеше Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округінде құрғақ шөп өртенді. Қатты желдің салдарынан қызыл жалын тез тарап, жану аумағы шамамен 83 гектарға жетті. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Ақтөбе облысында 83 гектар жер өртеніп кетті
Видеодан алынған скрин

Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, ерікті өртке қарсы құрылымдар мен орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылған.

— Өртті сөндіруге барлығы 110-ға жуық адам және 20-дан астам техника тартылды. Жағдайды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Ал жедел байланысты қамтамасыз ету үшін Starlink жабдығы пайдаланылды. Өрт толығымен сөндірілді, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. Өрт қаупі жоғары кезеңде от жағуға және құрғақ өсімдіктердің тұтануына әкелуі мүмкін әрекеттер жасауға тыйым салынады. 

Айта кетейік, биыл 2–9 тамыз аралығында республика бойынша 47 орман өрті тіркелді