Ақтөбе облысында неге нәресте өлімі көп — әкім жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында өңірде неге нәресте өлімі көбейіп кеткенін айтты. 

Ақтөбе облысында неге нәресте өлімі көп — әкім жауабы
Фото: Дияр Бексұлтанов

— Әр тіркелген сәби өліміне байланысты шешім қабылданады. Сондықтан оның жүйелік себебі мынау деп сізге айта алмаймын. Былтыр, қателеспесем, 8 нәрестенің өлімі тіркелді. Биыл болашақ аналармен түсіндіру жұмысын жандандырдық. Бұрын босануға 2-3 күн қалғанда ғана ауруханаға жатқызылатын. Қазір жүктілік мерзімінде қандай да бір ауытқулар болса, тәуекел туындаса, бір ай бұрын жатқызатын болдық. Сегіз кереуеттік мекемеге бет бұрдық, — деді ол.

Әкімнің айтуынша, өңірде медицина саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

— Медицинаны цифрландыру, жасанды интеллект арқылы, телемедицина арқылы кеңес беретін орталық ашылды. ЖИ көмегімен аурудың алдын ала анықтау көрсеткіші 34 пайыз өсті, — деді облыс басшысы.

Үкіметтің ресми мәліметіне сенсек, 2025 жылдың бірінші жартысында нәресте өлімі 22,7 пайыз төмендеген

Соңғы жаңалықтар