Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады.

военные солдат оружие әскери сарбаз қару
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Ағымдағы жылы 23 қарашада Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады, — делінген хабарлама.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.  7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид.

Соңғы жаңалықтар