11:10, 08 Қараша 2024 | GMT +5
ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшінің қаза болғанын растады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
— Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид, — делінген хабарламада.
ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, плиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бұған дейін қыркүйек айында Ақтауда әскери қызметші қаза тапқаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды.