Ақтөбе облысында жаңа әскери бөлім ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрі Ақтөбе облысында жаңа әскери инфрақұрылым нысандарын ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрі Ақтөбе облысында жаңа әскери инфрақұрылым нысандарын ашты
Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚРҚорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында қорғаныс ведомствосының басшысы өңірдегі әскери инфрақұрылымның дамуымен танысып, жаңа нысандардың ашылу рәсіміне және елдің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараға қатысты.

Қорғаныс министрі Ақтөбе облысында жаңа әскери инфрақұрылым нысандарын ашты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жұмыс сапарының негізгі оқиғасы Жем қаласында жаңа әскери бөлімнің ашылуы болды. Әскери құраманы құру өңірдің әскери қауіпсіздігін нығайту және Қарулы күштердің жедел мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі міндеттерге сәйкес жүзеге асырылды.

Қорғаныс министрі әкімшілік-штаб кешенін, казарма қорын, асхананы, мәдени-демалыс орталығын және әскери қалашықтың өзге де нысандарын аралап көрді.

а
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствосының басшысына жеке құрамды орналастыру жағдайлары, қызмет өткеруді ұйымдастыру, әскери қызметшілерді тамақтандыру мен бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ әскери қызметті жайлы өткеруге және міндеттерді сапалы орындауға қолайлы жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылымдық нысандар таныстырылды.

а
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі заманауи әскери инфрақұрылымды дамыту Қарулы күштерді жаңғыртудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Қорғаныс министрі Ақтөбе облысында жаңа әскери инфрақұрылым нысандарын ашты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери қалашықтарды кезең-кезеңмен жаңғырту, жаңа нысандар салу және қызмет жағдайларын жақсарту әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, жеке құрамды даярлау тиімділігін күшейтуге және мемлекеттің қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, мерзімді әскери қызметтен өтпеген азаматтар әскери мамандық алып, әскери билет иелене алады.