Ақтөбе облысында жолда тұрып қалған автобустан 46 шетел азаматы эвакуацияланды

  АСТАНА. KAZINFORM – Автобус Екатеринбург – Худжанд бағытымен келе жатып, техникалық себептерге байланысты жолда тұрып қалған.

боран
فوتو: ب ق و توتەنشە جاعدايلار دەپارتامەنتى

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-шақырымында құтқарушылардың жергілікті атқарушы органдармен бірлескен күшімен техникалық ақауы бар автобустың жолаушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің нәтижесінде 46 адам, оның ішінде Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жүргізуші эвакуацияланып, Т. Жүргенов атындағы ауылдағы жылыту пунктіне жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Эвакуацияланғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.

Осыған дейін Алматыда ауа райына байланысты бірнеше рейс кешігіп жатқаны туралы жаздық.

Қазгидромет ертең ШҚО-да ауа температурасы – 45 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар