Ақтөбе облысының қарызы қанша
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысының қарызы 143 млрд теңгеге жетті. Оған тағы 19,4 млрд теңгеден облигациялық қарыз қосылды.
Ақтөбе облыстық мәслихаты 1 012 пәтерді 19, 4 млрд теңгеге сатып алуға келісім бар. Әлеуметтік жағынан осал, баспанаға мұқтаж азаматтарға берілетін пәтер Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығаратын облигациялық қарыз есебінен алынады, яғни аудан, қала әкімдіктеріне кредит беріледі. Ал Ақтөбе облысының жалпы қарызы — 143 млрд теңге, оның 71,7 млрд теңгесі облигациялық қарыз.
— Ақтөбе облысының бекітілген қарыз жүктемесінің лимиті — 236,2 млрд теңге. Бүгінгі күні нақты қарыз — 143 млрд теңге, оның ішінде 71,7 млрд теңгесі облигация қарызы. Ал пәтер сатып алуға арналған 19, 4 млрд теңге облигациялық қарызға келсек, 10 жылға есептелді. Үстемеақысы — 15%. Аудандар үстемеақыға жыл сайын 2,9 млрд теңге береді. Негізгі қарызы тек 2037 жылы аяқталады, — деді Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Назымгүл Баймағамбетова.
Ақтөбе облысы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 12,1 млрд теңге облигациялық қарыз алып, 6 жобаны іске асырмақ. Оның ішінде кәріз жүйесін жаңғырту, салу, инженерлік желілерді жаңғырту жобасы бар.
Еске салсақ, 2027 жылға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгеріссіз қалады.