Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы ауысты
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Сұлтан Аманчин Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Сұлтан Аманчин 2013 жылы Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжін «Сәулет», 2016 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Ақтөбе геодезия орталығы» ЖШС-нің жобалаушысы болып бастаған.
2015–2020 жылдары аралығында «Shanyrak-Aktobe» ЖШС-нің директоры болды. Осыдан 5 жылға жуық уақыт бұрын мемлекеттік қызметке келді.
— 2020-2023 жылдары аралығында Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары болды. Сонымен бірге Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшы қызметіне Асқар Жүсібалиев тағайындалды.