Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Айбек Сембай тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

тағайындау
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды.

Ол 1971 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университетін, 2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Шалқар ауданында қарапайым мал дәрігерінен бастап, Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы, Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жетекші маман, Шалқар аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Шалқар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар