Ақтөбе облысында өрт салдарынан зейнеткер ажал құшты

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында кеше өрт салдарынан 60 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысында өрт салдарынан зейнеткер ажал құшты

6 маусым күні Ақай кентіндегі жеке тұрғын үй отқа оранып, жалын 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 60 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды.