Ақтөбе облысында шыққан өрт салдарынан үш адам қаза тапты
АҚТӨБЕ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 04:00-де Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында өрт шығып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен.
Өрт Қаракөл кентіндегі жекеменшік тұрғын үйден шықты. Тіліз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің 1 техникасы және 3 маманы жұмылдырылды. Өрт 2 сағаттан соң ауыздықталды. Оқиға салдарынан үш адам - 60 жастағы ер адам және 2 және 4 жастағы екі бала қаза тапты.
Жалын шарпыған аудан және өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталуда.