Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысының әкімі еуразиялық топ бөлген 850 млн. теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еуразиялық топ (ERG) пен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасында 2015 жылы әлеуметтік жобаларды іске асырудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Ақтөбе облысының әкімі еуразиялық топ бөлген 850 млн. теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

Меморандумға ERG бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка мен Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Келісімге сәйкес, 2015 жылы ERG «Қазхром» ТҰК» АҚ арқылы Ақтөбе облысының дамуына 850 миллион теңге бөледі. 2014 жылы бұл сома 800 миллион теңгені құраған.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов 850 миллион теңгенің ішінде 370 миллионнан астамы Хромтау шағын қаласының дамытуға бағытталатынын хабарлады. Бұл қаражатқа коммуналдық тұрғын үй салынып, мектепке дейінгі білім беретін үш ұйым күрделі жөндеуден өткізіледі, электр және сумен жабдықтау желілері жіберіледі, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады, тау-кен техникалық колледжі мен облыстық балалар үйі қаржыландырылады. Облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты абаттандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға 178 миллион теңгеге жуық сома, ал әлеуметтік-мәдени және спортты шараларды қаржыландыруға 300 миллион теңге бағытталмақ. «Ақтөбе облысында жұмыс істеп жүргенімізге жиырма бір жыл болды. Осы уақытта күрделі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді байқап отырмыз. Әлеуметтік меморандумдар облыс басшылығы мен компаниямыздың арасындағы өзара әрекеттестіктің өте жақсы формасы», - деп атап өтті меморандумға қол қою сәтінде компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.