Ақтөбе полициясы өзгенің бейітіне жерленген адамның тұлғасын анықтауға кірісті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД бір бейіт ішіне екінші адамның жерленуіне қатысты істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының Алға ауданы Еркін күш ауылы маңындағы зиратқа өзгенің бейітіне тағы бір адамның жерленгені белгілі болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, белгісіз біреулер әйел адамды арулап көмген, бірақ аты-жөні жазылмаған.

Қазіргі уақытта облыстық ІІД оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

«Өзгенің бейітіне белгісіз адамның жерленуі дерегі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Зерттеу жүргізіледі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бейітте табылған екінші адамның мүрдесін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Облыстық ІІД қосымшы мәліметті тек сараптама қорытындысынан соң хабарлайтынын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар