10:27, 03 Наурыз 2023 | GMT +5
Ақтөбеде 164 млн теңге бюджет қаражатын жалған ұйым арқылы жымқыру фактісі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жалған ұйым арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабрлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Ақтөбеде ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі тіркелді. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеуде жоқ болып шыққан. Ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдонин қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті. Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды», - делінген Агенттік хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.