Ақтөбеде 19 жастағы қыздың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жол апаты болып, 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен болатын. Оқиға орнында Сюзанна Гамидова қаза болып, тағы бір адам ауыр жарақат алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, күдікті мен жәбірленуші Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдады.
19 жастағы жәбірленушіге ота жасалып, кейін ол туған жері Қостанайға жіберілді. Ал күдікті емін жалғастырып, оған психологиялық көмек көрсетілді. Серуендеп жүріп саябақта қаза болған қыздың апасы Екатерина Гамидова әлеуметтік желі арқылы куәгерлерді іздеп, тергеу жұмыстары кезінде көмек көрсетуін сұрады .
Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жұмыстарының аяқталғаны анықталып отыр. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілгенін хабарлады.
Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалған болатын.