Ақтөбеде 21 жастағы жігіттің екі IРhone телефонын тартып алған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 21 жастағы жігіт екі телефонын белгісіз біреудің күш көрсетіп тартып алғанын айтып, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық полиция бөліміне 21 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Ол 4 қазанда сағат 15:30-да қаланың орталық көшесінің бірінде белгісіз біреудің күш қолданып, Iphone 12 Pro және Iphone 12 Mini маркалы екі жаңа ұялы телефонын тартып алған айтты. Шығын шамамен 1 млн теңге.

«Полиция күдіктіні тапты. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті смартфондарды белгісіз біреуге сатқан. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осы баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп немесе 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті түзеу жұмыстарына немесе бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар