Ақтөбеде 32 заңсыз қоқыс алаңы анықталды

АСТАНА.KAZINFORM — Ақтөбе облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру барысында Ақтөбе қаласынан 32 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы анықталды. Заң бұзушылықтар бойынша екі аудан әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақтөбеде 32 заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстан Ғарыш сапары спутниктік түсірілімдері және ұшқышсыз ұшу аппараты дронды пайдалану арқылы Ақтөбе қаласы Астана ауданы аумағында 15, Алматы ауданында 17 заңсыз қоқыс алаңдары анықталды.

— Аталған құқұқ бұзушылықтар бойынша Астана және Алматы ауданы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қала әкіміне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, — делінген хабарламада.

Прокуратураның үйлестіруімен бүгінгі күні қоқыс алаңдарын жою бойынша жұмыстар басталды.

Алдағы уақытта ұқсас жұмыстар облыс аудандарында жалғасын табады.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын экологиялық заңнаманың талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.

Тек бірлескен жұмыстар арқасында қолайлы экологиялық ахуалды қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарды келешек ұрпақ үшін сақтап қала аламыз.

Айта кетейік, Астанада 55 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.