Ақтөбеде 71 отбасы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша пәтерлердің кілттерін алды

АҚТӨБЕ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Батыс-2» шағынауданында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Еңбек ресурстарының жұмылдырылуын арттыру» үшінші бағытын іске асыру аясында 71 пәтерлік үй пайдалануға берілді.
None
None

Ақтөбеге тұрған кенттерінің келешегі жоқ деп  танылған облыстағы жеті ауданнан 233 ауыл тұрғыны көшті. 71 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты жағдайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан алды.

Белгілі болғандай, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушыларына берілетін мемлекеттік қолдау көшуге субсидияларды бөлу, қызметтік баспананы ұсыну, кәсіби оқыту курстарынан өту және жұмысқа тұрғызуды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар